Бақай тобының әншісі Бек Шәріп ұлды болды
Әнші Бек Шәріптің шаңырағында бесінші рет сәби үні естілді. Әнші үш қыз, бір ұлдан кейін дүниеге келген ұлын перзентханадан шығарып алды.
Ақжолтай хабарды әнші Райым Уайыс өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялаған. “Бек Шәріп ағамыздың үйіндегі жеңгем бүгін бесінші перзентін дүниеге алып келді! Шын жүректен құттықтаймыз! Баршамызға жұғысты болсын ағайын!” – деп жазды әнші.
Талқылау