БАҚ: Қытайдың жаңа ядролық сүңгуір қайығы Ухань маңында суға батып кетті
Қытайдың жаңа ядролық сүңгуір қайығы Ухань маңында суға батып кетуі ықтимал. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: CNN (спутниктен түсірілген)
2024 жылдың мамыр-маусым айларында Қытайдың "Чжоу" деп аталатын суасты қайығы апатқа ұшыраған. Мұны Planet Labs спутниктерінің суреттері дәлелдеген. Мамыр айының соңында қайық Янцзы өзеніндегі пирстен шығарылған, ал маусымның басында дәл сол жерде қайықты крандардың су түбінен көтеріп жатқаны байқалған.
Сүңгуір қайықтың апат кезінде бортында ядролық отын болған-болмағаны нақты белгісіз. Қытайдың Вашингтондағы елшілігінің өкілі бұл оқиға туралы ақпарат жоқ екенін мәлімдеген.
Пентагонның 2022 жылдың соңындағы мәліметтері бойынша, Қытайдың Әскери-теңіз күштерінде 48 дизельді, алты ядролық шабуылдаушы және алты ядролық зымыран тасымалдаушы суасты қайығы бар.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі
Қазақстан әуежайлары қандай заңдарды бұзды және бұл үшін оларды қалай жазалады
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан