Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ-қа шолу. Әлішер Кәрімов өзінің “көгілдір” екені туралы сыбыстардың қайдан шыққанын түсіндірді

Әлішер Кәрімов “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға берген сұхбатында өзін “көгілдір” санайтын жандарға жауап берді.

каримов-макпал3009

“Ұзақ уақыт бойы мені “көгілдір” есебіне жатқызғандар көп. Бұл әңгіме сонау SuperStar KZ жобасынан бері бар. Оған бір себеп – бұрын дауысым тым жоғары тонды болатын. Мен стилистермен жұмыс істеп, сахнаға түрлі образдарда шығуды ұнататынмын. Бірде алжапқыш тағып шықсам, екіншіде шашым өзгешеленетін, енді бірде стилистерім түйреуіш тағып беретін. Сол кездің өзінде: “Несіне бұлай киініп алғансың?” – деп айтатын. Ал ол шақта мен небәрі 19-20 жастағы жігіт едім. Бәрін көргім келетін. Енді жұрт мені 60-70 жастағы әйелмен кездесіп жүр дегенді шығарып алыпты. Мұндай әңгімелерді қайдан ойлап табатынын түсінбеймін…

Мәселен, жуырда бір телебағдарламада Мақпал Жүнісова маған келіп: “Біз туралы түрлі дақпырт әңгімелер пайда болыпты. Екеуміз жақында үйленеді екенбіз”, – деді. Мен ол кісіге бұл әңгіменің Таразда баяғыда-ақ таралып кеткенін айттым”, – дейді Кәрімов.

Әншінің айтуынша, онымен амандаспайтын сахналас-әріптестері де бар. Кәрімов өзі туралы түрлі әңгімелерді естігенде жабырқап қалатынын, алайда депрессияға түсіп кетпес үшін оған аса мән бермеуге тырысатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда әнші ішімдік ішетінін және ашуланған кезде былапыт сөздер айтатынын мәлімдеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қайрат Нұртас: Барахолкада ручка сатқан ашқұрсақ кезімді ешқашан ұмытпаймын

Алмас Кішкенбаев жұбайынан кешірім сұрап, ел алдында тағы бір рет сезімін білдірді

«Әлем аруы» атағына үміткер қыз хиджаб киді (фото)

Талқылау