Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Димаш Құдайбергенов қытай әнін акцентсіз орындады (видео)

“I am a Singer” жобасының төртінші кезеңінде Димаш Құдайбергенов гонконгтық әнші әрі актер Джеки Чунның танымал әнін қытай тілінде орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытайдағы «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

DimKit(1)

Ел арасында Джеки Чунды «кішкентай Джеки Чан» деп атап кеткен.

«Тынбай жаттыққанының арқасында Димаш әнді қытай тілінің сегізінші деңгейінде (HSK деңгейін тексеруге арналған бірегей емтихан) орындады», – деп жазады Қытай басылымы.

Қытайлық журналистер Димаштың кезекті образының да өте тартымды болғанын атап өткен. Еуропалық үлгідегі V-кескінді пиджак пен оған үйлесіп тұрған жібек шарф. Ал қара түсті бас киім оның реңін одан сайын аша түсті.

Залда отырған көрермендер қытай журналистеріне Димаштың қытай әнін орындауына қатысты өз ойларын айтып, жоғары бағалаған. Олардың айтуынша, Димаш үлкен сахнада алғаш рет қытай тілінде ән салғанына қарамастан, тағы да бір рет өзінің кәсібилігін дәлелдеді. Тыңдармандар Димаш әнді қытай тілінің 8-ші деңгейінде (жоғары деңгей) орындаған деп баға берді.

DimKit(2)

Ал Димаш өзін барынша сенімді ұстағанымен, сахнаға шықпас бұрын қатты қобалжығанын және барын салғанын айтып берді. Димаш алғашқы екі кезеңнің бірінде дәл осы қытай әнін орындағысы келген екен. Алайда қазақ әншісі тілдің айтылуында ағаттық жіберіп аламын ба деп қорыққанындықтан оны кейінге қалдырған.

“Мен ән айта бастаған кезде тыңдармандар сөздің мағынасын түсінбей қала ма деп қорықтым”, – дейді Димаш Қытай агенттігіне берген сұхбатында.

“Қысқы Универсиада ашылуына қатысса да, Димаш әр сәтті қалт жібермей, қытай тілін оқи берді. Қытай тілі мұғалімімен сахнада да, сахнадан тыс та көп дайындалды. Дайындық кезінде залда отырған көрермендердің пікіріне де зер салып отырды. Бір сөзбен айтқанда, Димаш қатты тырысты, жанын салды”, – деп жазады “Синьхуа”.

Димаш не себепті Джеки Чун Хок-Яудың «Күзгі мұң» атты әнін таңдағанын былайша түсіндірді:

“Алғаш тыңдаған сәтте-ақ ол ән маған қатты ұнап қалды. Әннің мағынасы да жақсы”.

Айта кетейік, “I am a singer” жобасының төртінші кезеңінің түсірілімі 2 ақпанда болып өттіү Эфирден ол  11 ақпанда сағат 20:30-да көрсетіледі. Шамамен осы уақытта Димаштың қытай тілінде орындаған әнінің видеосы пайда болады.

Айта кетеін жайт, аталған әнді осы жобада 2013 жылы қытайлық әнші Ша Баолян орындаған.

Туынды махаббат пен айырылысу жайында.

“Үнсіз уәдеңді есте сақтағыныңды қалаймын, мен жалғыздықтан қорықпаймын, тек сен жалғыз қала ма деп үрейленемін”, – дейді ән мәтіні.

“Күзгі мұңның” авторы әрі алғашқы орындаушысы Джеки Чун Хок-Яу (Jacky Cheung) қазір 55 жаста. Оның ән әлеміндегі атақ-абыройы 1984 жылғы ән байқауынан кейін шарықтады.

Жіберіп алмаңыз:

Қытай қыздары Димашты сыйлықтардың астында қалдырды

Таңғажайып танымалдылыққа ие болған Димаш туралы деректі фильм түсіріледі

Джеки Чан неткен бақытты. Қазақ ақынының Димашқа арнаған өлеңі көпшілікті сүйсінтті

Димаш Қытайда қарсыласының үйінде қонақта болып өз қолымен тұшпара әзірледі

 

Талқылау