Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

БАҚ: Дәрігерлер өлім аузында жатқан Дмитрий Марьяновқа барудан бас тартқан

Өлім аузында жатқан Дмитрий Марьяновты ауруханаға достары жеткізген. Өйткені, жедел жәрдем қызметі уақыт тығыздығына байланысты келе алмайтындарын айтқан.


Актердің өлімі туралы 15 қазан күні белгілі болды. Ол ауруханаға апара жатқан жолда көз жұмды.

Актер 15 қазан күні таңертеңнен бастап денсаулығы жақсы емес екенін айтқан. Ол достарымен демала жүріп аяғы мен арқасының ауырып тұрғанын айтқан. Түскі астан кейін мүлде нашарлай бстапты. Бір уақытта есінен танып құлап қалған.

Актер жедел жәрдем қызметкерлері келмеген соң көз жұмды деген ақпараттан кейін Денсаулық министрлігі тексеріс жүргізуді қолға алды.

Құқық қорғау органдары актердің өліміне тамырының үзіліп кетуі себеп екенін айтты.

Дмитрий Марьянов 1994 жылы «Ленком» театрының құрамында ойнап, «Юнона и Авось», «Бременские музыканты», «Безумный день, или Женитьба Фигаро» қойылымдарында рөл сомдады. Сериалдар мен фильмдерге, музыкалық қойылымдарға түсті. Балаларға арналған «Выше радуги» фильмінен соң танымалдығы артты.

Тағы да оқыңыз:

Алматыда түсік тастаған әйел дер кезінде жәрдем бермеді деп дәрігерлерді сотқа берді

Алладан басқа ешнәрсеге ешқашан сенбеймін: Жээнбеков туралы не білеміз?

Анна Седокова Анатолий Цой екеуінің ара қатынасы жайлы айтты

Талқылау