Қазақстан үкіметі "Байтерек" холдингіне 310,5 миллиард теңге бөледі

Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі "Байтерек" ұлттық инвестициялық холдингінің акцияларын сатып алу туралы шешім қабылдады. Бұл мақсатқа мемлекет бюджетінен 310,5 миллиард теңге бөлінеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Холдинг жалпы саны 310 500 000 дана жай акция шығарады. Әрбір акцияның құны 1 000 теңге болып белгіленген. Акцияларды сату процесі басымдықпен сатып алу құқығы арқылы жүзеге асырылады.
"Байтерек" холдингінің жалғыз акционері Үкімет болғандықтан, жаңадан шығарылған барлық акцияларды мемлекеттің өзі сатып алады.
Холдинг еурооблигациялар шығару арқылы 500 миллион доллар тартуды жоспарлап отыр.
Бұл – қолданыстағы қарыз алу бағдарламасы аясындағы төртінші орналастыру.
Облигациялар доллармен номинацияланады — әрқайсысы 1000 доллардан. Жалпы саны 500 мың бағалы қағаз шығару көзделген. Бұл — классикалық купондық облигациялар, яғни инвесторларға пайыздар тұрақты түрде төленіп отырады.
Маңызды тұсы — облигациялар қамтамасыз етілмеген. Яғни қаржы холдингтің беделі мен қарызды қайтару қабілетіне деген сенім негізінде тартылады.
Осылайша, холдингтің 2025 жылғы наурызда уәде еткен экономиканың нақты секторын несиелеуге арналған 8 триллион теңгені қайдан алатыны айқындала түседі.
Африкаға қарағанда бізде арзан – "Бәйтерек" холдингінің басшысы елдегі ет бағасы туралы
"Африкаға қарағанда бізде арзан": Ауыл шаруашылығы министрлігі "Бәйтерек" басшысының ет бағасына қатысты пікіріне түсініктеме берді
Айта кетейік, бұған дейін "Бәйтерек" ұлттық холдингі қызметкерлерінің орташа жалақысы белгілі болғаны хабарланған еді.