Бағдат Сәмединова: Уақытты сылтауратып жылағандардың жанынан зуылдап өте шығамыз
Әнші бір кездері жол апатына түсіп, есін жия бастаған сәтте өмірдің нағыз мәнін ұғынғанын айтып жатыр. Бірақ, кейде көшеде жылап отырған адамның жанынан зуылдап өте шығатын кездері де болатынын жасырмады.
Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.
“Менің әжем “Біреуге пайдаң тимесе де, зияның тимесін” деп жиі айтып отыратын. Адам болып жаралған соң кез келгенінің қоғамға пайдасы тиюі керек. Өмірдің белгілі бір заңдылығы бар сияқты. Кей адамға жақсылық жасау мүмкіндігі бұйырып тұрады. Жаңа бір кісі ауыр жол апатынан аман қалғандықтан, өмірін өзгелерге арнауға шешім қабылдағанын айтып жатыр. Мен де бір кездері жол апатына түскен болатынмын. Бір күн ес-түссіз жаттым. Өлім мен өмірдің арасында арпалысып жатқан сәттерде өмірдің мәнін түсінеді екенсің. Біз қызығып жүрген дүние-мүліктің, ақшаның еш құны қалмайды. Ал өмірдің мәнін түсінген адам өзгелерге көмектесуге асығып тұрады. Қазір жолда жылап отырған адамның жанынан үндемей өтіп кете береміз. Бәріне уақыттың жоқтығын сылтауратамыз”, – дейді Бағдат Сәмединова.
Жіберіп алмаңыз:
Дастан Оразбеков: Астанаға көшіп келсем деген ниетім бар
Францияда асшаян жеген Салтанат Бақаева жұрттың жиіркенішін туғызды (видео)
Ерке “Қайда?” клипіне айнытпай пародия түсірген бүлдіршінге 100 мың теңге сыйламақ (видео)
Вирусты инфекция жұқтырып алған Ахмадиеваның түр-келбеті тыңдармандарын шошытты