Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бадықова: Біреуді құртқың келсе, оны мақта

Дариға Бадықова өзін мақтап, не өзгеден кінә іздейтіндер жайлы айтты. Адамның дамуы үшін мемлекет емес, өзі әрекет ету керек дейді. Ал біреудің тұқыртқың келсе, оны мақта деген кеңесін айтты.

“Көкіректі оятып, көзді аштым деп ойлайды, дана болғысы келеді, әттең, құрғыр әу бастағы тәрбиесі дұрыс емес... Біреу тұшымды ой, көрген-білгенін, түйгенін айтса, "бізге жетіп алсын, біздей кемеңгер ел жоқ, біздікіндей тіл жоқ" дейміз. Басқа елдің  тарихы мен тілі жоқтай, – деп жазды актриса. 

Дариға Бадықова әр адамның өз деңгейі бар дейді. Адам соған қарай мақтанады, дамиды, мақтайды, өзіне таңғалады. Ал ол керісінше, ең жаман қасиет.

“Өзімізді өзіміз мақтап өтіп кеткен, өтіп жатқан уақыт-ай.
Адамды құртқың келсе мақтай бер дейді. Дамыған ел қатарына қосылғың келеді, бірақ сана жетпейді.  Сол баяғы "алдымен бізге жетіп алсын" деген құрғақ сөз”, – деді Бадықова.

Актриса әркім мемлекетті сынай бермей, өзі сынаса, өзін түзесе, алмайтын асу жоқ дегенді айтты. Басты қадам өзіңнен болу керек дейді ол.

“Сөйте тұра басқаға кінә артуға дайын тұратынымыз ше? Біреуден тағдырымызды көреміз, біреуден ақшаның жетпеуін көреміз, кедейлігімізді көреміз... Айналып келіп бәріне мемлекетті кінәлаймыз. Қандай "ел" - сондай мемлекет, сондай басшы. Біреуден көріп, біреуден күтіп отыра бергенше өзіңнен басташы! Тұршы, өзіңді өзгертші”, – деп жазды актриса. 

 

“Сізбен келісемін, бәрін өзімізден бастайық, қазақша таза сөйлеу,, жазу, ойлау”, “Менің ұстазым, аман болыңыз, тек қана алға!”, “Өте орынды айтты! Мақтанудан 1-орынбыз! Артта қалудан да 1-орынбыз!” деп жазды желідегілер.


Талқылау