Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Бүркіт енді ұрлық жасамайтынын айтты

Естеріңізде болса, бұған дейін Бүркіт пен Аиша әндерді румындардардан ұрлаған болатын. Енді Бүркіт ұрлауды  қойды.

12393967_1656841231256788_568632689_n(1)

Бұл туралы  gakku.kz хабарлайды.

Өткен жылы әнші Бүркіт өзін продюсерлік қырынан таныстырып, қол астына «Хайат» тобын алды. Жуырда жаңа бейнебаяны шықты. Сонымен қатар топтың аты да өзгерді. Оның не себепті өзгеркенін продюсер мырза былай деп түсіндірді.

Бүркіт, әнші: “Менде енді сынға көп қарайтын адамның бірімін. Сондықтанда… Біраз сындар кетіп жатты. «Неге Хайат?, Неге өзбекше? Немесе неге түрікше. Аударылымы қалай? Қандай мағына береді?»,-деген сұрақтар көп туып жатты”.

Соған байланысты атын ауыстыруды жөн санады. Мұнымен әңгіме бітпек емес. Жуырда, топтың «Арман-ай» әнін «румынялық мақамға ұқсас, ұрланған болуы мүмкін»,- деп айыптап жатқандар табылды. Оларға әншінің жауабы да дайын.

“Бұл әннің авторы өзім. Куплет, қайырмасы… Енді қайырма мен куплеттің арасында болатын музыкалық қадам, орысша проигрыш дейді ғой, ол ұқсас болуы мүмкін”,- дейді Бүркіт.

Естеріңізде болса, бұған дейін Бүркіт пен Аишаның әндерді сол румындықтардан ұрлаған болатын. Енді ұрлауды Бүркіт қойды.

Расыменде қойды. Енді ол сол елдің композиторларымен тығыз қарым-қатынаста.

Бүркіт, әнші: “Былтыр Румыния еліне барып Бухарест қаласында осы композиторларды тауып, олармен келісім-шартқа қол қойып, қазір официально түрде жұмыс істеп жатырмыз”.

Бұл сөздерден соң күдіктеріңіз бекер болатыны анық. Сондықтан, көңілдеріңізді көтеретін әндерден ләззат ала отырыңыз. Сондай-ақ, тың туындылар күтеміз.

Талқылау