Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүркіт: Айша маған тұрмысқа шығуға өзі ұсыныс жасады

Жұлдызды жұп Бүркіт пен Айша эстрадамыздағы жарасымды жұптардың бірі. Екеуі алғаш отау көтеріп, сахнаға бірге шыға бастаған кезде ел аузында неше түрлі әңгімелер жүрді. Анығында, көпшілік Бүркітті қазақ қызына үйленбегені үшін сөкті. Десе де, ештеңеге қарамастан, сүйіктісімен бас қосқан әнші бүгінде Айшаға деген махаббатының адал екенін дәлелдеді.

аиша беркут

Жұлдызды жұп Бүркіттің туған күнінде танысқан болып шықты. Ол кезде әншінің басқа сүйіктісі бар болатын. Алайда Айшаны көрген Бүркіт сол кездегі сүйіктісін ұмытып кеткен. Ол Айшаға бір көргеннен ғашық болғаннын айтты. Бұл туралы «Love радионың» «Love story» бағдарламасында айтылды.

«Ер адам болған соң түріне, фигурасына қарайсың ғой. Сондықтан бір көргеннен ғашық болып қалдым деп айта аламын. Ол кезде мен басқа қызбен жүретінмін. Туған күніме Айшаны бір досым ертіп келді. Оны көрген кезде бұрынғы жүріп жүрген қызымды да ұмытып кеттім», – деп ағынан жарылды Бүркіт. Ал Айша керісінше Бүркітті мүлдем ұнатпапты. Қарағандының қызы оның әнші екенін де білмеген. Айтуынша, ол туып-өскен өңірде қазақ әншілерін мүлдем тыңдамайды екен.

«Кейін отбасымызбен Алматыға келдік. Айбектің әнші екенін сол кезде ғана білдім», – дейді Айша.

Бір көргеннен ғашық болған аруына Бүркіт үш рет ұсыныс жасаған. Алайда оны өзімшіл әрі ақылсыз деп ойлаған Айша үш рет те «жоқ» деп жауап берген. Сол сәтте Бүркіт одан біржола бас тартып, шетелге кетіп қалғанын айтты. Арада бір ай өткеннен кейін екі жас клубта кездейсоқ кездесіп қалады. Айша сол сәтте Бүркітке деген сезімінің оянғанын мойындады.

«Екеуміз бір-бірімізге жабысып қалдық. Бірақ енді мен қарсылық танытамын деп ойладым. Мінез көрсету керексің ғой, жүгіріп келе салып жабыса салған да болмайды. 10 шақты күн күттім. Маған хабарласады, мен жауап бермеймін, қоймады. Содан кейін өзі ұсыныс жасады маған», – дейді Бүркіт.

Бүгінде жұлдызды ғашықтар бір-бірлері туралы тек қана жақсы сөз айтады. Бүркіт Айшаның өтірік айтпайтынына, адалдығына тәнті. Одан бөлек, әнші жарының отбасы құндылықтарын аса қадірлейтінін айтып қалды. Ал Бүркітті алғашқыда ақылсыз деп ойлаған Айша бүгінде ол туралы ойын түбегейлі өзгертті.

«Айбек шынында өте ақылды адам. Әркез онымен айтатын әңгіме табылады. Берген уәдесін әрқашан орындайды. Нағыз ер азаматқа тән қасиет. Оның жанында сенімді, қауіпсіз сезінемін», – деп атап өтті ол.

Жіберіп алмаңыз: 

Бүркіт туған інісі Әлиді шоу-бизнес әлеміне алып келді (видео)

Әкімдік Қарағандыда “Ninety One” тобының концертінің өтпей қалуының себебін түсіндірді

Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуіне неліктен кешірім бергенінің себебін айтты

Баян Мақсатқызы «Махаббат бекеті» фильмінің жалғасын түсірмек

Талқылау