Бүркіт пен Аиша алғаш рет кенже қызын көрсетті
Осыдан бір жылға жуық уақыт бұрын қызды болған Бүркіт пен Аиша кішкентай Сафияны ешкімге көрсеткен емес. Жұлдызды жұп тіл мен көзден сақтанады. Бүркіттің айтуынша, фотоларын әлеуметтік желіге жүктегеннен кейін, ұлдары бірнеше мәрте ауырып қалған, деп жазады Stan.kz.
Ал қаңтар айынан бері отбасымен бірге шетелде жүрген әнші осыдан бірер сәт бұрын қызының суретін жариялады. Жұлдызды отбасының Индонезияның Бали аралында демалып жатқанын айта кетейік.
10 айлық Сафияны алғаш рет көрген желі қолданушылары оны кімге ұқсатарын білмей, сөзге таласты. Желі қолданушыларының бір тобы нәрестені анасына, ал енді бір тобы әкесіне ұқсатып жатыр.
Айта кетейік, Бүркіт пен Аишаның Зейін және Омар есімді қос атұстары, сондай-ақ, Сафия есімді қызы бар.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.
Талқылау

Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
Жаңа маусым алдында 9 станция "қызылдан сарыға", 3 станция "сарыдан жасыл деңгейге" өткен

Соңғы бес жылда 1,5 миллиардқа жуық теңгеге 47 мультфильм түсіріліп, тек төртеуі экранға шыққан
Киностудия биыл толықметражды "Алтын адам" анимациялық фильмі аяқталғанын атап өтті