Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бүгін елдің басым бөлігінде тұман түседі

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 9 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, тек батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз. Кей жерлерде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Бұл туралы  Қазгидромет хабарлайды.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал. Қостанай облысында желдің күшейіп, жылдамдығы 17-22 м/с жетеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.  Павлодар облысында бұрқасын болуы мүмкін.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Қызылорда облысында тұман, жел 15-20 м/с болады. Оңтүстік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.


Жіберіп алмаңыз:

Бүтін бір отбасын асыраушысынан айырған бұзақылар жеңіл жазамен сытылып кетпек

Журналистің сұрағына дұрыс жауап бермеген шенеунік жалақыдан қағылады

Павлодар облысында денесі табылған келіншектің өліміне туыстары күйеу баласын кінәлап отыр

Қазақстанда ет бағасы 16%-ға қымбаттады

Талқылау