Азияда-2025: Қазақстан құрамасы шаңғы акробатикасынан күміс жүлде еншіледі
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында шаңғы акробатикадан Қазақстан құрамасы күміс медаль иеленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аралас құрама сапынан бұл бағдарламаға Аяна Жолдас, Шерзод Хаширбаев және Асан Асылхан қатысты.
Жалпы есепте спортшыларымыз 235,39 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.
Бұл бәсекеде Қытай чемпион атанса, Жапония үздік үштіктен көрінді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының шорт-трекшілері алғашқы алтынды қоржынға салғанын жазған едік.
Перизат Қайраттан тәркіленген 80 миллиондық Mercedes астаналық полицейлерге берілді
Одан бөлек Перизаттан тәркіленген Mercedes-Benz EQE 500 4Matic көлігі бар. Алайда ол әзірге аукционға қойылмады
Алматы облысында 15 жастағы қыз өзін 8 жігіт екі ай бойы зорлап келгенін айтты (видео)
Күдіктілердің ең үлкені 26 жаста, ең кішісі – 16-да

