Азия чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды
Фото: Getty Images
2024/2025 жылғы маусымдағы Азия чемпиондар лигасының алғашқы финалисі анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл маусымдағы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалдық матчы 29 сәуір күні кешке Джидда қаласында өтті.
"Аль-Ахли" жұлдызды "Аль-Хилаль" командасын 3:1 есебімен жеңіп, турнирдің финалына жолдама алды.
Ойынның 9-минутында Роберто Фирмино есеп ашты. 27-минутта Айван Тоуни есепті 2:0-ге жеткізді. Ал үзіліске дейін "Аль-Хилаль" Салем Аль-Давсаридің голының арқасында есеп айырмасын қысқартты.
Екінші таймда "Аль-Ахли" басымдық танытты. Айван Тоуни екі рет гол соққанымен, екеуі де офсайд үшін есепке алынбады.
59-минутта "Аль-Хилаль" қорғаушысы Калиду Кулибали екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. 85-минутта қақпашы Яссин Буну Франк Кессьенің пенальтиін қайтарды. Алайда қосымша уақытта Фирас Аль-Бурайкан үшінші голды соғып, ойынды 3:1 есебімен аяқтады.
Осылайша, "Аль-Ахли" финалға шықты. Онда олар "Аль-Наср" (Сауд Арабиясы, құрамында Криштиану Роналду ойнайды) мен Жапонияның "Кавасаки Фронтале" арасындағы жеңімпазбен кездеседі. Финалдық матч 3 мамыр күні өтеді.