Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды

30 наурыз бен 10 сәуір аралығында Моңғолияның астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан Азия чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын боксшылар анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Құрлықтық додада Қазақстан құрамасында өнер көрсететін спортшылар қатарында Олимпиада жүлдегері, әлем чемпиондары бар.
Ерлер құрамасы:
50 кг – Санжар Тәшкенбай
55 кг – Махмұд Сабырхан
60 кг – Оразбек Асылқұлов
65 кг – Ертуған Зейнулинов
70 кг – Төрехан Сабырхан
75 кг – Сабыржан Аққалықов
80 кг — Ерасыл Жақпеков
85 кг – Нұрбек Оралбай
90 кг – Сағындық Тоғамбай
+90 кг – Айбек Оралбай
Ерлер құрамасының бас бапкері – Нұржан Насанов.
Әйелдер құрамасы:
48 кг – Әйгерім Сәттібаева
51 кг – Жазира Орақбаева
54 кг – Элина Базарова
57 кг – Ұлжан Сәрсенбек
60 кг – Римма Волосенко
65 кг – Лаура Есенкелді
70 кг – Бақыт Сейдіш
75 кг – Валентина Хальзова
80 кг – Надежда Рябец
+80 кг – Дина Исламбекова
Әйелдер құрамасын Елдос Сайдалин жаттықтырады
Айта кетейік, бір қызығы бұл бәсекеге өзбекстанның көшбасшы боксшыларымен қатар бас бапкер Тулкин Киличев те бармайды. Өзбекстан Ұлан-батырда өтетін құрлықтық бәсекеге жастарға мүмкіндік берген. Құрама сапында бір ғана әлем чемпионы бар. Ол 2025 жылғы World Boxing ұйымы нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған Фазлиддин Эркинбоев. Сондай-ақ тізімде қандасымыз IBA нұсқасы бойынша 2026 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Арман Махановтың да есімі көрсетілген.
Өзбекстан ерлер құрамасы:
50 кг - Асилбек Жалилов
55 кг - Шахзод Музаффаров
60 кг - Абдурахмон Махмуджонов
65 кг - Абдуллох Мадаминов
70 кг - Хавасбек Асадуллаев
75 кг - Жавохир Абдурахимов
80 кг - Фазлиддин Эркинбоев
85 кг - Жасурбек Юлдошев
90 кг - Халимжон Мамасолиев
+90 кг - Арман Маханов
Өзбекстан әйелдер құрамасы:
48 кг - Сабина Бобокулова
51 кг - Гулсевар Ганиева
54 кг - Хуморабону Мамажонова
57 кг - Нигина Уктамова
60 кг - Муштарийбону Мамажонова
65 кг - Феруза Абдуалимова
70 кг - Ойша Тоирова
75 кг - Азиза Зокирова
80 кг - Рухшона Парпиева
+80 кг - Олтиной Сотимбоева
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?