Азия чемпионаты: Өзбекстан құрамасы боксшыларымызға мықтылығын мойындатты
Қазақстан құрамасының тоғыз боксшысы финалда өнер көрсетіп, тек төртеуі ғана топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚБФ
Азия чемпионатының финалына шыққан Қазақстан құрамасын тоғыз боксшының жетеуінің қарсыласы өзбекстандық боксшылар болды. Сол жетеудің екеуі ғана өзбек боксшыларынан бір бас жоғары өнер көрсетсе, қалған бесеуі жеңіліп қалды. 48 келідегі Санжар Тәшкенбай Шодиржон Мелкузиевке есе жіберсе, 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Шахзод Музафаровтың мысын басты. Дегенмен 57 келіде сынға түскен Оразбек Асылқұлов Миразизбек Мирзахалиловтан алғашқы раундта басым түскенімен қалған екі раундта қарсыласына есе жіберіп қойды. Сондай-ақ 67 келіге дейін Дулат Бекбауов, Абылайхан Жүсіпов және 75 келіге дейінгі Диас Молжігітов те қарсыластарынан айласын асыра алмады. Тек Бекзат Нұрдәулетов 86 келіде Жасурбек Юлдошевты жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы өзбек боксшыларын басып озғанын жазған едік. Осылайша қазақ-өзбек текетіресінде көршілеріміз алға шықты.