Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы өзбек боксшыларын басып озды

Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Чиангмайда (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионатының медаль кестесінде бірінші орын иеленді. Әйелдер құрамасының боксшылары Азия чемпионатында барлығы 10 жүлде жеңіп алды. Оның бесеуі алтын болса, бесеуі қола медаль. Алтын медаль иеленгендердің қатарында Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) және Елдана Тәліпова (81+) бар.

Ал Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) қола жүлдені қанжығалады.

Бұл көрсеткішпен Қазақстан әйелдер құрамасы жалпы есепте көш бастады. Екінші орынға Өзбекстан жайғасса, үздік үштікті Таиланд түйіндеп тұр.

Әйелдер арасындағы Азия чемпионатының медаль кестесі:

1. Қазақстан (5-0-5);

2. Өзбекстан (3-4-2);

3. Таиланд (3-1-2);

4. Қытай (1-2-1);

5. Вьетнам (0-3-1);

 

Даурен Түлкібай
Сәрсенбі, 11 Желтоқсан, 2024 09:37