Азия чемпионаты: Финалға шыққан тоғыз боксшымыздың жетеуі өзбек боксшыларына қарсы жұдырықтасады
Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан Азия чемпионатының ерлер арасындағы финалдық жұптары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан құрамасының он боксшысы жартылай финалда өнер көрсетіп, тоғыз отандасымыз финалға шықты. Сол тоғыз боксшының жетеуінің қарсыласы өзбекстандық боксшылар.
-48 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай – Шодиржон Мелкузиев
-54 келіге дейін: Махмұд Сабырхан – Шахзод Музафаров
-57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов – Миразизбек Мирзахалилов
-67 келіге дейін: Дулат Бекбауов – Мужибилло Турсунов
-71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов – Хавасбек Асадуллаев
-75 келіге дейін: Диас Молжігітов – Жавохир Умматалиев
-86 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов – Жасурбек Юлдошев
Айта кетейік, ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектер 11 желтоқсанда өтеді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды

