Азия чемпионаты: Финалда өзбек боксшыларына қарсы жұдырықтасқан үш боксшымыздың екеуі жеңіліс тапты
Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп Азия чемпионатының финалында жекпе-жегін өткізіп үлгерген үш боксшымыздың екеуі жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Азия чемпионатының финалына шыққан Қазақстан құрамасын тоғыз боксшының жетеуінің қарсыласы өзбекстандық боксшылар. Сол жетеудің үшеуі өз жекпе-жектерін өткізіп, екеуі жеңіліп қалды. 48 келідегі Санжар Тәшкенбай Шодиржон Мелкузиевке есе жіберсе, 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Шахзод Музафаровтың мысын басты. Дегенмен 57 келіде сынға түскен Оразбек Асылқұлов Миразизбек Мирзахалиловтан алғашқы раундта басым түскенімен қалған екі раундта қарсыласына есе жіберіп қойды. Осылайша қазақ-өзбек текетіресінде әзірге көршілеріміз алда келеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасы өзбек боксшыларын басып озғанын жазған едік.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

