Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда уақытынан бұрын жеңіске жетті
Дулат Бекбауов Азия чемпионатының ширек финалында қарсыласын уақытынан бұрын ұтып, жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan
Қазақстан құрамасының боксшысы Дулат Бекбауов (67 келіге дейін) Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда қазақстандық боксшы малайзиялық Ариф Мұхаммадқа қарсы жекпе-жек өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Отандасымыз жекпе-жек барысында толық үстемдік танытып, қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта кездесу тоқтатылып, Дулат жартылай финалға өтті. Осылайша Дулат кем дегенде Азия чемпионатының қола медалін иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін 54 келі салмақ дәрежесінде Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде тайбэйлік Лай Ян-Линді жеңіп, ширек финалға жолдама алғанын жазған едік
Талқылау