Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азия чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға шыққан алты боксшымыздың бесеуі жеңіске жетті

Бүгін Азия чемпионатының кезекті жарыс күніндешаршы алаңға алты боксшымыз шығып, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының 6 боксшысы Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалда өнер көрсетті. Жартылай финалға жолдама алу үшін 57 келідегіі Оразбек Асылқұлов таиландтық Пануват Чуджан-Атты ұтса, 60 келідегі Бейбарыс Жексен тәжік Акмал Убайдовқа есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды. Ал 80 келідегі Ерасыл Жақпеков қырғызстандық Сағын Сатыбалдыуулун қапы қалдырып, жартылай финалға шықты. Сондай-ақ әйелдер арасында сынға түскен үш боксшымыз да жеңіске жетті. 52 келіде Жазира Ұрақбаева Ютин Луоны ұтса, 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек Тран Нгуеннен (Вьетнам) басым түсті. Сонымен қатар 60 келіде Виктория Графеева тайбэйлік Чен Ені жеңді.

Айта кетейік, бұған дейін бес баласы бар қазақстандық боксшының Азия чемпионатының жартылай финалына шыққанын жазған едік. 

 

Даурен Түлкібай
Бейсенбі, 05 Желтоқсан, 2024 16:57