"Әзірге турнирлерге қатыспаймын": Абиба Әбужақынова мәлімдеме жасады

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, дзюдошы Абиба Әбужақынова жарақатына байланысты жарыстарға уақытша қатыспайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спортшының айтуынша, ол маусымды дзюдодан Grand Slam турнирінен емес, жарақатына байланысты Гран-при додасынан бастауға мәжбүр болған. Алайда ол әлі толық бабына келе қоймаған.
"Жарақат салдарынан маусымды Grand Slam турнирінен емес, Гран-при жарысынан бастадым. Әлі толық қалпыма келген жоқпын. Аустриядағы жарыстан кейін белім қайта сыр берді. Енді толық ем қабылдаймын. Әзірге турнирлерге қатыспаймын. Татамиге қашан ораларым белгісіз. Астанада өтетін Grand Slam турниріне дейін қалпыма келіп үлгеремін бе, оны да білмеймін", – деді Абужақынова Sportbugin.kz порталына беген сұхбатында.
Айта кетейік, Абиба Әбужақынова 2025 жылы Будапеште өткен әлем чемпионатында 48 келіде күміс жүлдегер атанды.
Ол қазіргі уақытта әлемдік рейтингте 48 келіде көш бастап тұр. Жақында Абиба Абужақынова Аустрияның Линц қаласында өткен Гран-при турнирінде өнер көрсетті. Алайда ол 48 келінің қола медалі үшін тартытыста нидерландылық Амбер Гершеспеге есе жіберді.
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған