Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әзірбайжан билігі Ресейдегі тұтқындалған отандастырына жауап ретінде мәдени іс-шараларды тоқтатты

Ресейде ұсталған әзірбайжандықтар АзертаджФото: Азертадж басылымы

Әзірбайжан мәдениет министрлігі Екатеринбург қаласында әзербайжан ұлт өкілдерінің ұсталуынан кейін ел аумағында Ресейдің қатысуымен өтетін барлық мәдени іс-шаралар тоқтатылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Енді ресейлік мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар өткізбек болған концерттер, фестивальдер, спектакльдер мен көрмелер Әзірбайжанда өтпейді. Бұл іс-шараларға билет алғандар билеттерін қайтара алады.

Министрлік мәлімдемесінде бұл шешім "Екатеринбург облысында Ресей құқық қорғау органдары тарапынан әзірбайжан ұлты өкілдеріне қатысты этникалық белгісі бойынша жасалған әдейі және соттан тыс кісі өлтіру, зорлық-зомбылық әрекеттері, сондай-ақ кейінгі уақытта мұндай оқиғалардың жүйелі сипат ала бастағанын ескере отырып" қабылданғаны айтылды.

Ұлттық мәжіліс депутаты Нигяр Мұхаммедованың айтуынша, Ресей вице-премьері Алексей Оверчуктың осы айда Әзірбайжанға жоспарланған сапары да тоқтатылды. Бұл шешім "Әзірбайжанға қарсы күш қолдану жағдайында Оверчук немесе кез келген басқа ресейлік лауазымды тұлғаның сапарының еш маңызы жоқ екенін" көрсетеді деді депутат. 


Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL ұшағының экипажына ескерткіш орнатылды


Ресей бір түнде Украинаға 500-ге жуық дрон мен он шақты зымыран ұшырған


Еске салайық, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Баку-Грозный бағыты бойынша ұшқан AZAL жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 67 адам болған, оның ішінде экипаж мүшесі бесеу. Апат салдарынан 38 жолаушы қайтыс болды, 29 адам аман қалды. 30 желтоқсанда Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) бұл оқиғаны мұқият және әділ тергеуге шақырды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзірбайжан билігі құтқару операциясына қатысқан азаматтарды ерлік пен кәсібилігі үшін наградтады.

Кейіннен Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апатына кінәлілерді жазалауды талап еткен еді. Ильхам Әлиев Әзірбайжан азаматтарының қаза болуына Ресей өкілдері кінәлі екенін сеніммен айта алатынын жеткізген.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 30 Маусым, 2025 13:50
Талқылау