Азық-түлік пен басқа да тауарларға 70%-ға дейін жеңілдік: Қазақстанда Наурыз қарсаңында ауқымды науқан басталмақ

Қазақстанда Наурыз мерекесі қарсаңында ауқымды республикалық "Nauryz Sale" акциясы өтеді. Науқан барысында сауда желілері мен орталықтар тұтынушыларға 70%-ға дейінгі жеңілдіктер ұсынбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сауда және интерграция министрлігінің мәліметінше, науқан 13–23 наурыз аралығында өтеді. Науқан кезеңінде сауда орындары халыққа азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарларға 10–70% аралығында мерекелік жеңілдіктер ұсынады. Акциялық тауарлар сауда залдарында арнайы мерекелік навигация және "Nauryz" фирмалық безендіруі, тақырыптық баға белгілері, брендтелген көрсеткіштер, баннерлер және басқа да POS-материалдар арқылы арқылы белгіленеді.
Науқанға шамамен 300-ге жуық компания қатысады. Олардың қатарында 140 сауда үйі мен сауда-ойын-сауық орталығы, 140 сауда желісі және 20 электрондық сауда субъектісі бар. Қатысушылар қатарында елдің ірі сауда желілері – Magnum, Small, Galmart, "Анвар", "Дина", Toimart, "Астыкжан", "Аян", Greenwich және басқалары, сондай-ақ Mega Silk Way, Keruen, Keruen City, "Аружан", "Сарыарка", Shymkent Plaza сияқты ірі сауда үйлері мен сауда-ойын-сауық орталықтары бар.
Астанада:
- Small
- Фермаг
- "Анвар"
- Galmart
- Magnum (Тұран даңғылы, 55 үй)
- Greenwich
- "Гастроном"
- MEGA Silk Way
- Astana Mall
- "Азия парк"
- "Хан шатыр"
- "Аружан"
- "Сарыарқа"
- Koktal
Алматыдағы мекенжайлар:
- Magnum (Радостовца көшесі, 292)
- Small
- "Тоймарт"
- "А-Стор” гипермаркеті
- "Беккер и К"
- Galmart
- "Метро"
- "Столичный"
- "Юбилейный"
- Asia Park
- Grand Park
- Globus
- Moskva
- Mart
- Mart Village
- Forum
- Mega Park
- Sputnik Mall
- Mega Almaty
- Aport East
- Dostyk Plaza.
Басқа қалалардағы науқан өтетін мекенжайларды министрліктің ресми сайтынан табуға болады.
Акция аясында отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударылмақ. Сауда орталықтарында қазақстандық өндірушілердің өнімдері ұсынылатын арнайы сату аймақтары ұйымдастырылып, онда тауарлар нарықтағы бағадан орта есеппен 10–20%-ға төмен бағамен сатылады.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған