Ажырасқан келіншек тоқалдармен күресетін мектеп ашпақ
Бүгінде екінші әйел алып не көңілдес тауып, тіпті отбасын тастап кетіп жататын азаматтар жетерлік. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін Канокоюри Нампо Алматыда әйелдерге қажетті кеңес беретін «Ханамати» мектебін ашуды жоспарлап отыр.
Коллаж: Сергей Мельников
Бұл туралы express-k.kz хабарлайды.
Кейбір ер адамдардың тоқалдары заңды құқығы болмаса да, оның отбасына тиесілі ақшасын оңды-солды шашып жүре береді. Соған байланысты автор осындай бастаманы қолға алған.
“Менің өз есімім басқаша. Әкем – қазақ, анам – орыс. Наурыздан бастап осы істі қолға алып жатырмын. Мектепке жапон атауын таңдадым. Жапонша «Оңтүстіктің ақ лала гүлдері» деген мағынаны білдіреді. Мен гейшалар жайлы көп зерттедім. Петербург пен Владивостокта, Мәскеуде арнайы дәріс алдым. Ер адамның психологиясын жақсы білем, техника мен ас дайындаудан да хабарым бар. Ер адамдардың төсек қатынасына қызығушылығын оята алам. Сондықтан бар білгенімді тоқалдармен күресу жолына жұмсағым келеді”, – дейді болашақ мектептің жетекшісі.
Сіздің тоқалдарға деген өшпенділігіңіз неден пайда болды деген сұрағымызға ол: «Осыдан 3 жыл бұрын күйеуім жаңа әйелін үйге әкеліп бірге тұратынын, болмаса менімен ажырасатынын айтты. Мен көп ойланбастан ұлымды ертіп, анамның үйіне кетіп қалдым. Өз-өзіме қарауды қойып, жылай беретінмін. Сөйтіп жүргенде, атақты гейша Минеко Ивасакидің мақаласын көзім шалып қалды. Содан бастап мен гейшалар туралы, оның қыр-сырын оқып-біле бастадым. Енді бар үйренгенімді өзгелермен бөліскім келеді», – дейді бастамашы.
Бұл мектепте екінші дәрежедегі пәндер оқытылмайды. Негізінен, эротикалық массаждар, әйел бұлшықетін қатайту, кірпікпен сүю т.б. үйретіледі. Гейшалар төсек қатынасына ерекше көзқараспен қарайды. Олар көңілдестері секілді жасандылық жасамайды. Оларда бәрі шынайы. Алайда, шектен тыс шығып кетпейді. Дөрекі күлмейді, көп сөйлемейді, қасындағы адамды сыйлай біледі. Ол өз стилін сақтап жүреді. Гейшалар музыкадан да, поэзиядан да, саясат пен спорттан да хабардар болуы керек. Олар адам жүзіне тік қарағанда, оны өзіне баурап алып, лезде кірпігін төмен қарата қояды.
“Алғашында дәріске 30-дан асқан әйелдер келеді деп ойлаймын. Ал, болашақта жас қыздардың да келіп дәріс алса екен деймін. Ескерте кетейін, гейшалар жезөкшелер емес. Оларға ортақ ұқсасықтар да жоқ. Мен «гэйся сайноро» деп аталатын жаңа модель жасамақпын. Ол дегеніміз, күйеулерінің көңілін табуға тырысқан гейшалар дегенді білдіреді, – дейді ол.
Татьяна Аладьина