Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ажырасудың әйелдерге тигізетін күтпеген әсері анықталды

ажырасқан әйелдер

Фото: pixabay.com

Британдық әлеуметтанушылар 45–65 жас аралығындағы әйелдерге ажырасудың күтпеген әсерін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Survation компаниясының сауалнама жүргізді. Оған қатысқан ажырасқан әйелдердің үштен бірі (31%) өмірлерінде бұрын сезінбеген бақытты сезінгенін айтқан.

"Көпшілігі “ақыры бұрыннан өзім қалаған адамға айналуға мүмкіндік алдым деп айтты", – делінген зерттеу қорытындысында.

Мысалы, 55 жастағы Пэт есімді қатысушы:

"Басқа әйелдер де білгенін қалаймын: ажырасқаннан кейін өзімді қайта табуым ерекше тәжірибе болды. Қазір мен бұрынғыдан да бақыттымын", – деді ол.



Сонымен қатар The Guardian ерлер де қатысқан тағы бір сауалнама нәтижесін келтіреді. Онда ажырасқаннан кейін әйелдер көбіне жеңілдік, еркіндік және бақыт сезінетіні айтылған. Ал ерлер, керісінше, өздерін ішкі әлемі босап қалғандай, абдырап қалған және көңілі қалған күйде сезінетіні анықталған.

STAN.KZ
Бейсенбі, 20 Қараша, 2025 17:41
Талқылау