"Ажырастым деген сөзден аулақпын": Гаухар Әлімбекова күйеуі жайлы айтып берді
Гаухар Әлімбекова күйеуі туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

"Айырылысып кетті дегенді адамдар жаман жаққа бұрып, бұрмалап тұрады. Әр адамның тағдыры әртүрлі. Екеуіміз екі жаққа кетіп қалдық. Бірақ, мен айырылыстым, ажырастым деген сөзден аулақпын", - дейді Гаухар Әлімбекова.
Күйеуі екеуінің жолдары екіге айырылса да, әншінің жарына деген сезімі адал сияқты. Гаухар Әлімбекова күйеуімен қалай танысқанын да жасырмады.
"Біз бес жыл бұрын танысқанбыз. Жиын-тойда көп жүреміз ғой. Ойламаған жерден "Алма-Арасан" жақта тауда дастархан басында отырып танысқанбыз. Кейін әзіл-қалжыңымыз жарасып кетті. Мен адамды тексеру үшін бірінші әзілдеп сынаймын ", - дейді Гаухар Әлімбекова.
"Беларусьтен, тіпті Аргентинадан келеді": Неге Қазақстан өз етімен өзін толық қамтамасыз ете алмай, шетелден ет сатып алады?