Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажырассаң ажалың менен болады" деді": Индира Елемес күйеуінен қорлық көріп жүргенін айтты

Танымал әнші Индира Елемес жеке өмірінен сыр шертіп, күйеуінің бақылауынан шаршағанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Подкастан үзінді

Бүгінде өнер иесі өзінен 19 жас үлкен күйеуінен шаршағанын “Мамский әңгіме” подкастында айтты. 

“Менің Индира Елемес болып қалыптасуыма күйеуімнің еңбегі зор. Оған тұрмысқа шыққаннан кейін, тойға шығуды ұмыттым. Тек сахнада өнер көрсеткенімді қалады. Оған да келістім. Ол кісінің түсінігінше, табыс сахнадан да түседі. Тіпті бір жыл тек үйде отырдым. Үйленгеннен кейін, бір айдан кейін бақылауды күшейтті. Оған дейін анам ғана бақылайтын. Бақылау болғанда, ана болғасын баласын уайымдайды. Барлық аналар секілді “қайда жүрсің, қашан келесің” деген әңгіме ғой. Жолдасым телефонымды ақтара бастады. Әлеуметтік парақшамның құпиясөздерін сұрады. Шынымды айтсам, қазір ешқандай әлеуметтік желідегі парақшаларымның құпия сөзін білмеймін. Жеке нөмірім де жолдасымның атына тіркелген. Үнемі қорқынышта өмір сүретін едім. Ол кісіні сыйлағаным сонша, ренжітіп алуға қорқатынмын. Бір уақытта TikTok шыққан кезде менің түсірген контенттерім көп қаралым жинай бастады. Бірақ өзімде жеке парақша болмады. Соны бір күні жолдасыма айтқанда, “Ол жақта бұзылған қыздар отырады” деді. Содан қайтып ол әңгімені қозғаған емеспін. Міне, осындай әңгімелер кезінде ұрыс шығып кетсе, мен қатты қорқамын. Бір күні ашайын деп сұрағанымда, құпиясөзін өзіне жазып алды. Міне, осындай өмірді сүріп жатырмыз. Қатты шаршап кеттім. Тіпті, телефонына локатор, көлігіме GPS орнатып қойды. Таныстарым көріп, таңғалды. Өзім де басында таңғалдым, кейін үйреніп кеттім. Қазір ажырасуға дайынмын. Бірақ ол кісі келіспей отыр. Мен Салтанат Нүкенованың күйін кешемін бе деп қорқамын. Шатасып кеткен жіп секілді отырмын. Бірақ тынысым тарылып барады. Бір күні “ажырасамын сенімен” деп ұрыс шығардым. “Ажалың менен болады” деді. Ол өлтіремін деген сөз емес пе?! Балаларым үшін қорқамын”, – деді әнші. 



Эстрада жұлдызының айтуынша, бұрын-соңды еш жерде жеке өмірі туралы айтпағанын жасырмады. 

"Мен бұрын жеке өмір жеке болып қалуы керек деп ойлайтынмын. Өнеріммен, әніммен халықтың жүрегінен орын аламын деп қана ойладым. Сөйтсем, мүлде олай емес екен. Өзім шынайылықты жақсы көремін. Әлеуметтік желіде әншілігім туралы емес, жеке өмірім туралы өте көп сұрақ келетін. Статусыңыз қандай, неше балаңыз бар, қай жылдан бері тұрмыстасыз деген сияқты. Мәссаған деп таңғалатынмын", – деп жауап берді Индира Елемес. 

Еске салайық, Индира Елемес күйеуін алаяқтық жасады деп айыптағандарға жауап берді

Талқылау