Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажырасып кетсем де, ақша беріп тұрдым": Дариға Бадықова өзін қаралағандарға жауап берді

дариға актриса Фото: Сұхбаттан скриншот

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуінің мәлімдемесінен кейін желіде жазба жариялады. Ол өзін қаралап жатқан халыққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Кино жұлдызын бұрынғы күйеуінің сұхбаты қатты ашуландырған. 

“Еркектің бәрі ер емес. Кей адам киіммен, кей адам үнсіздігімен шешінеді. Мен – үнсізбін. Себебі, менің үнім шықпағаны — әлсіздігім емес, тәрбием еді. Жалғыз әйелдің үнсіздігі – айқайдан да қатты естіледі кейде. Бірақ үндемеген сайын, біреулер арзан тірлік жасап жатыр. Бір жақты пікірмен шешім шығарғандарға айтарым: Мен – сценарий емес, тірі адаммын! Киномның алдында, сонша төккен еңбегімнің, адал терімнің алдында, өмірімді күлге айналдырмақ болған әрекет – тек мені емес, өнердің өзін де қорлау деп білем”, – деп жазды актриса. 



Одан кейін экс жолдасымен ажырасып кетсе де, ақша беріп тұрғанын жасырмады. 

"Менің де өз шындығым бар. Өтірік бақытты адамның рөлін ойнағанмын. Елдің адамы болған соң көп нәрсені ашық айтпадым — бекер екен. Ол өтірік күйеуім болғандай кейіп танытпасын. Өтірік әңгімелерінен шаршадым. Еркек басымен “жертво” болып отыр. Біз біраз уақыт бұрын ажырасқанбыз, бірақ біразға дейін бір шаңырақ астында өмір сүрдік. Енді бәрін ашып айтамын. Киноға жасаған қастандығын, қызғаныштарын... Өнерімді тартып ала алмайды. Біз бақытты өмір сүрмедік. Кеткен әйел қашан да жаман көрінеді. Өзім еркек те, әйел де болудан шаршадым. Ол істейтін ісі жоқ, тамағы мен киімін кім алып жүргенін де білмейді. Кетіп қалсам да ақша сұрап, маза бермейтін. Сау адамға ақша беріп жүрдім, құрбыларым тоқтат деді. Беруді қойған соң, енді осындай әңгіме шығарып отыр", – деп жазды Бадықова.

Еске салайық, өнерлі жұп 16 жыл бірге өмір сүргенін жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Дүйсенбі, 06 Қазан, 2025 10:04
Талқылау