Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әжіғалиев Қысқы олимпиаданың ашылуында еліміздің туын ұстап шығады

Пхенчханда 2018 жылы ақпанда өтетін қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Абзал Әжіғалиевті ұлттық құрама туын көтеруші етіп тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті мен мәдениет және спорт министрлігі хабарлады.

Қысқы Олипияда ойындары тура бір айдан кейін 9 ақпанда басталады.

Сонымен қатар, Әжіғалиев Пхенчхандағы Олимпиадада ұлттық құрама капитаны болады. Қазіргі уақытта спортшы Голландияда жаттығып жатыр.

“Олимиада ойындарында Қазақстанның туын ұстап шығатынымды бүгін ғана білдім. Мен таңғалдым. Бұл әр спортшы үшін үлкен дәреже . Мен өте қуаныштымын және мақтанамын. Ұлттық Олимпиада комитетіне рақмет. Үміттеріңізді ақтауға тырысамын”, – деді Абзал Әжіғалиев.

Қазіргі уақытта спортшыға салтанатты ашылуда киетін арнайы киімі дайындалып жатыр. Киім ұлттық стильде және қазіргі заманғы талғамға сай тігіледі.

Абзал Әжіғалиев – қазақстандық шорт-трекші, Оралда 1992 жылы 30 маусымда туған.

2014 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы (5-орын, командалық эстафета), Қазақстан тарихында Әлем Кубогінің жеңімпазы (Солт Лейк Сити 2016/2017), 2016/2017 Әлем Кубогінде 2 дүркін күміс жүлдегері, 2016/2017 Әлем Кубогінде 2 дүркін қола жүлегері (командалық эстафета), Дүниежүзілік қысқы Универсиада – 2017 жарысында күміс жүлдегер,  Саппоро-2017 қысқы Азия ойындарында командалық эстафетада қола жүлдегері атанды. Пхенчханда 2018 жылы өтетін қысқы Олимпиада ойындарында 500 метр қашықтықта шорт-трек жарысына қатысады.
Тағы оқыңыз:

Өскеменде 7-қабаттан ер адам құлап кетті

Ғалымдар адам миынан Wi-Fi тапты

Экс-депутаттан зорлық көрген қыз екінші рет Назарбаевтан көмек сұрады (видео)

 

Талқылау