Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында жұмыс істемейтін дәретханалар үшін әкімдік қызметкері сотталды

Жетісу облысы Сарқан ауданында аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Соттың дерегінше, Сарқан аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры туристік объектілердегі санитарлық-гигиеналық тораптарды орнатуға бөлінген 74,7 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған.

"Прокурорлық тексеріс арқылы объект іске қосылмағанын, ал бөлінген қаражат жұмсалып кеткенін көрсетті. Сарқан ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, іс сотқа дейін жеткізілді. Сот үкімімен аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мен мердігер ұйымның директоры түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.", – делінген Жетісу облысы прокуратурасы таратқан хабарламада.



Еске салайық, бұған дейін Атырауда 38 миллион теңгеге салық төлеушілердің ақшасына сатып алынған дәретханалар жұмыс істемей тұрғанын жазған едік. Сол кезде жергілікті әкімдік, қоғамдық дәретханаларда қағаздан бастап гигиеналық құралдарға дейін болатынын мәлімдеген. Бастапқыда ол жердегі тазалық пен тәртіпке "Спецавтобаза" ЖШС жауапты болған.

Кейін модульдік павильондарды басқару жекеменшік сенімгерлік басқаруға берілген. Дегенмен мұнайлы астана тұрғындары қоғамдық дәретханалардың қазіргі күйі мүлде нашар дейді. Айтуларынша, Жеңіс саябағында кіре беріске жақын орнатылған алғашқы павильонда мәдениеттің иісі де сезілмейді. 

Талқылау