Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әжем қызғанып өтті": Айнұр Тұрсынбаева туған анасын көпшілікке көрсетті

Айнұр Тұрсынбаева алғаш рет көпшілікке анасын көрсетті. Туған анасын шеше дей алмаған айтыскер жүрек жарды жазба арнады. Анасын атайтын Тұрсынбаева ана мейіріміне әрдайым мұқтаж екенін жеткізді.

"Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам осы кісі.. Аты Манат.. Мен бірақ қазақтың менталитетімен шешемді шеше демеген адаммын.. Әлі күнге атымен айтамын..Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін, мейіріміне мұқтажбын. Қарақат орындайтын "Аяулы анам" осы кісіге арнап жазылған... Марқұм апам өле-өлгенше бөлектеп қызғанып өтті...

Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетіп кетті. Бүгін Аллахтың қалауымен анамыз 63 жасқа толып жатыр..Аллах бұл кісіні сүйеді.. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр.. 11 немересінің сүйікті әжесі.. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын...Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес..Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс... Лайым, аналарымыз аман жүрсін", - деп жазды айтыскер парақшасында. 



Әншілер мен жел оқармандары ақ тілегін айтып жатыр. 

"Анашыңның туған күні құтты болсын,100 жасасын Ин Шаа Алла", - деп жазды Алтына Жорабаева. 

"Мамаңның туған күні құтты болсын! 100 жасасын! Әнің иамаша", - деп жазды Айгүл Елшібаева.

"Үлгі ғой адалдығың,
Қуансын анам бүгін.
Қымбат қой амандығың аяулы анам. Анашың аман болсын Айкем", деп марқұм анасын еске алды Қарақат Әбілдина.

"Айнұр әпке, ананыздын туған күні құтты болсын, өмәр жасы ұзак, денсаулығы мықты болсын", - деп жазды Әйгерім Қоянбаева.

"Манат апаның туған күні құтты болып, өмір-жасы ұзақ болсын", "Менің анаммен жасты екен, 100 жасасын", - деп жазды желі оқырмандары. 

Талқылау