Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит пен шошқа ғана қалды": Журналист Ажар Момбек халық емшісіне мемлекеттік марапат берілгенін сынға алды

Ажар Момбек марапат алғандарды сынап тастадыФото: https://www.instagram.com/ajar_mombek/

Қазақстандық журналист Ажар Момбек халық емшісі Айгерім Әбдіқұлдың Президент жарлығымен марапат алғанына сыни пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Журналист бүгінде марапаттың құны кеткенін жазды. Оның айтуынша, марапатты балшы, балгерлерге берудің орнына, мемлекеттік қызметте біршама уақыттан бері еңбек етіп келе жатқан мамандарға табыстау керек.

“Ойбуу, мынаған марапатты не деп берді Президент?! Суф-сәләхтің бәріне шүлен таратқан ба? Нендей елге еңбегі сіңді бұл қыздың? Қобызбен адам емдегені үшін бе? Көзбояушылық жасағаны үшін бе? Марапат құнсызданды деген Мақсат Толықбай, қайдасың? Қоғамдық ұйымдардың емес, мемлекеттің марапатын неге айтпайсың?! Бұл марапат шын егесіне берілу керек! Қайдағы тәуіп, балшы, балгерлерге бұйырған марапатты мемлекеттік қызметте отырған маңдайының тері сол салаға сіңген, бірақ еңбегі басшы қосшысының көлеңкесінде еленбей жүрген мамандар неге алмайды? Ұят тіпті! Марапаттың, түк тындырмайтын Одақтардың құлы болдық! Ұят! Ит пен шошқа қалды осы марапатты алмаған!” – деп жазған ол.

Айгерім Әбдіқұл деген кім?

Айгерім энергопрактик, парапсихолог, қоғам белсіндісі, халыққа биоэнерготерапевт, сынықшы деген атпен танымал. 

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен марапат алғанын, бұл оның 15 жылдық үздіксіз еңбегінің нәтижесі екенін жазған.

“Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін марапатталдым.
Бұл марапат – 15 жылдық үздіксіз еңбектің, адал қызмет пен жауапкершіліктің нәтижесі.
Марапат арнайы шақырту арқылы табысталды, бұл мен үшін үлкен мәртебе әрі күтпеген қуаныш болды.
Елімнің сенімін ақтап, алдағы уақытта да өз ісіме адал қызмет ету – басты мақсатым. Қолдау білдірген, сенім артқан барша азаматтарға алғысымды білдіремін”, – деп жазған ол.

Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев Ұлттық құрылтайдың қызметіне атсалысқан бір топ азаматты марапаттағаны хабарланған еді.

Балнұр Жұмаділла
Сәрсенбі, 21 Қаңтар, 2026 18:38