Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азат Мақсұм UFC-дегі келесі жекпе-жегін америкалық Митч Рапосомен өткізеді

Фото: фотоколлаж/UFC/mmaon.com

Қазақстандық ММА спортшысы Азат Мақсұм UFC-дегі келесі жекпе-жегін америкалық файтер Митч Рапосоға қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кездесу 2025 жылдың 25 қазанында Абу-Дабиде орналасқан Etihad Arena аренасында өтетін UFC 321 турнирі аясында өтпек.

Мақсұм (17–2) соңғы жекпе-жегінде Тагир Уланбековке төрешілер шешімімен жол берген болатын. Бұл жекпе-жек – қазақ спортшысы үшін қайта жеңіске оралып, жеңіл салмақтағы позициясын нығайтуға тамаша мүмкіндік.

Митч Рапосо (9–3) UFC аясында екі рет октагонға шығып, екеуінде де жеңіліске ұшыраған. Америкалық спортшы да промоушендегі алғашқы жеңісіне қол жеткізуді көздеп отыр.

Екі спортшы үшін де бұл кездесу маңызды, себебі ол олардың UFC-дегі болашағына тікелей әсер етуі мүмкін.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 22 Шілде, 2025 16:19
Талқылау