Азаматтығын ауыстырған балаларға Ұлттық қордан ақша берілмейді
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров егер 18 жасқа дейінгі балалар азаматтығын ауыстырса, онда олар Ұлттық қордан қаражат ала алмайтынын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров балалардың шотына түсетін ақшаға салық салынбайтынын айтты.
“18 жасқа толған кезде баланың шотына Ұлттық қордан аударылған табысқа салық салу жоспарланбайды. Егер бала азаматтығын өзгертсе, онда ол бұл қаражатты алмайды және бұл қаражат басқа балаларға бөлінеді. Жобаға 6,5 млн бала қатысады. Бала шетелге емін-еркі шығып тұра алады, ол өзінің азаматтығын өзгертпесе, онда бұл ақша оған тиесілі болып қала береді. Сондай-ақ, егер 18 жасқа толған кезде ол әлі де ҚР азаматы болса, бұл ақша оған қалады”, - деді Әлібек Қуантыров.
Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы іске қосылады. 18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шот ашылып, оларға жыл сайын қаражат түсіп отырады.
Талқылау

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
Депутат Дәулет Мұқаев курстағы негізгі ойды түсіндіре келе, әйелдерді заңды жолды ұстануға шақырды

Енді "Отбасы Банк" монополиясы болмайды: Ипотекалық несиелендіру реформасынан қандай жақсы өзгерістер күтеміз
Сарапшы: "Бұл ұзақ мерзімді перспективада банктік жүйеге де оң әсер етеді. Уақыт өте келе қаржыландыру арзандайды, яғни ставкалар төмендеп, неғұрлым қолайлы деңгейге жетеді”