Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары есеп үшін тапталмауы керек: Тоқаев полицияның қызметін сынға алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау органдарында реформа жасау қажеттілігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қылмысты анықтап, оған қатысы барларды ұстап, айғақтарды тіркеу қажет. Прокурор тәуелсіз сараптама жүргізіп, азаматтардың құқықтарының тапталуына жол бермей, олардың әділетсіз түрде қылмыстық іске тартылуына тосқауыл болып, соттағы айыптау үрдісін жүргізуі керек. Ал сот органдардың жұмысына деген шағымдарды қарап, соңғы шешімді шығаруы қажет", - деп қосты президент.
Бұған қоса Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті полиция қызметінде рефаорма жасауды тапсырды. Сөзінше, полиция қызметі халыққа қолжетімді болуы тиіс.
"Учаскелік инспектордың мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеріп, оған нәтижелі жұмыс істеу үшін мүмкіндік беру керек. Ол азаматтарға таныс, қолжетімді және беделді болуы керек", - деді мемлекет басшысы.
Президент жолдауы 2020: Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуінің толық мәтіні
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты