Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ басшылық қызметінен босатылды

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ президенті Азамат Сатыбалды қызметінен босатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото Азамат Сатыбалды Instagram желісінен

Өнер иесі ұзақ уақыт М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында жұмыс істеп, Ғабит Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрын 3 жыл бойы басқарды. Кейін Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметін атқарды. 



Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" АҚ президенті лауазымында бір жыл көлемінде қызмет етті. 

Еске салсақ, Азамат Сатыбалды осыған дейін басшылық қызметінде өзін қорқытатындардың көп екенін айтып, қиындықтарын бөліскен еді. 

Талқылау