Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Азамат ағаш түбінде ұмыт қалған алтындар мен ақшаны иесіне қайтарған

Берлиндегі Нейкельн ауданында белгісіз біреу ағаш түбінде қалып қойған 22 алтын құйма мен 3,5 мың еуроны қала тұрғынына қайтарып берді.

pic_b92781f1c52fb861bbbe2eaac76801c1

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Полицияның хабарлауынша, бағалы заттардың иесі велосипедін жөндемек болған кезде ақша мен алтын салынған түйіншекті жерге қойып, артынша ұмытып кеткен. Арада біршама уақыттан соң тап сол жерден өтіп бара жатқан жолаушы оны тауып алады.

Есімін жасырған азамат құнды заттарды полицияға тапсырған. Түйіншекте жеке құжаттары болғандықтан иесі тез табылған. Енді әлгі азамат адалдығы үшін марапатталатын болады. Неміс заңнамасына сәйкес, жоғалған заттарды тапқан адамдар сол тапқандарының құнының үш-бес пайызын алуға құқылы. Ал мына жағдайда сыйақының мөлшері екі мың еуроға жетуі мүмкін.


Жіберіп алмаңыз:

Қала мэрі футбол үшін бәс тіккен

Ұры өз қылмысын жасыру үшін 9 бірдей бриллиантты жұтып қойған

Әйелі қайтыс болған полицейдің ұрығын сақтап үш жылдан соң қыз босанды

Қаламын алғаны үшін ашуланған әкесі 10 жасар қызын шөл далаға апарып тастаған

Талқылау