Айжұлдыз Адайбекова ұзатылу тойын өткізді
Фото: Жеке парақшадан алынды.
Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова ұзату тойын өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы ұзату тойына анасының әріптестерін ғана шақырды.
“Бүгін ерекше кеште болдым. Айжұлдыз бен Сәкеннің отбасы құрған қуанышты сәтіндеміз. Бұл кеш мен үшін өте маңызды болды. Өйткені Жанар Айжанова – мен үшін ерекше адам.
Апа, сіздің көзіңіз — дәл менің анамның көзі. Сол үшін мен бұл сәтте жаныммен болдым. Бар болғаныңыз үшін рақмет сізге. Айжұлдыз бала күнінен ерекше, таңғажайып бала болды. Барлық салада өте талантты. Оның ішкі жан-дүниесі сондай жарық. Сәкен екеуі бір-бірін тапқан жұп. Айжұлдыз, бақытты бол! Үнемі жарқыраған күйіңді сақта”, – деп жазды продюсер Жан Мұқанов.
Отандық шоу-бизнес жұлдыздары екі жасқа бақыт тілеп жатыр. Асхат Тарғын, Ақбота-Нұр, Мирас пен Құралайлар қатысқан.
"Осы қыздың көзінен бір тамшы жас тамса, менің берекем кетеді. Ішкенім ірің, жегенім желім болады. Ешкімге айтпайсың оны. Өзің ылғи мықты адам болып көрінесің. Бірақ ішің бүтін, сыртың түтін. Құдай басқа бермесін, осы ортада отырған ағайын барлығыңыз балаларыңыздың қызығын бірге көріңіздер. Жалғыздық жақсы емес. Жалғыз басты әйел, өзі өсіп, өнді дейді. Амалдың жоқтығынан өсіп-өнесің. Осы күнді мен ерекше күттім. Құдайдан түнде де, күндіз де тіледім. Енді демалып жатқан сияқтымын. Сәкен сияқты азаматқа тап болып, екеуінің жарқырап жүргенін көріп, жүрегім орнына түсті", – дейді Жанар Айжанова.
@adilet_rahkmetolla БАҚЫТТЫ БОЛЫҢДАР❤️ #ұзатутой ♬ оригинальный звук - Adilet Rahkmetolla

"Оқушылармен бір vibe-тамын": Желіде тренд түсірген мектеп директоры жұрттың ықыласына бөленді
