Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Айжұлдыз Адайбекова "Сырғалым" атанды

Фото: Видеодан скриншот

Танымал блогер, актриса Айжұлдыз Адайбековаға сырға салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Желі жұлдызы сырға салу мен құдалық рәсімін қатар өткізді. Жаңа құдаларды қарсы алып, құдалыққа ұласты. Жанар Айжанова қызы мен күйеу баласына ізгі тілегін арнады.

"Бір жастықта қартайыңдар, үбірлі-шүбірлі болыңдар, ұстасқан қолдарын ажырамасын, бақытты болыңдар", – деді әнші. 



Айта кетейік, Айжұлдыздың күйеу жігіті блогер, саяхатшы-Сәкен Қағаров. Айжұлдыздың анасының сөзінше, той кейіндеу болатын көрінеді. 

“Күйеу баланың анасы дүниеден өтіп, сондай жағдай болып жатыр. Той күні әлі белгіленген жоқ. Осы күнге дейін балалардың тірлігіне араласқан емеспін. Бәрін өздері шешеді. Екеуінің де жасы 30-дан асты. Оқыған, көзі ашық ересек адамдар. Табыстары да бар. Өз ісінің мамандары. Клубта қаңғырып жүрген жоқ. Күйеу балам Сәкенге де ақырындап бауыр басып келемін”, – деген еді әнші. 

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 24 Сәуір, 2025 09:25
Талқылау