Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды неке куәліктерін көрсетті
Танымал блогерлер отбасы Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды неке куәліктерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Желі жұлдыздары жеке парақшасында жағымды жаңалықты жариялады.
“Жаңа қадамның басы. Жаңа тарихты жазамыз”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, бұған дейін блогерлер мешітте некелерін қиған еді.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Сәкен Қағаров сүйіктісіне Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.
Сондай-ақ Айжұлдыздың анасы, танымал әнші Жанар Айжанова екі жасқа арнап, бата берді.
“Қос қарғам, махаббаттарың баянды болсын! Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар! Осы күнге жетуді аналарың қалай армандады?! Сабақты ине сәтімен екен. Кесірлі жандардың кесапатынан сақтай гөр! Шашыңның бұйрасынан айналайын, Сәкенім! Назарыммен бірге сен де дұғамдасың! Қызымның арқа сүйер азаматысың! Ортамызға қош келдің, балам”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Айжұлдыз Адайбекова мәһрге 101 раушан гүлін сұраған еді.