Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзат Жұманованың өлімі бойынша іс: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды

айзатВидеодан скрин

Талдықорғанда апелляциялық сот Айзат Жұманованың өліміне қатысты атышулы қылмыстық іс бойынша соңғы шешімін шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот барысында зардап шегушілердің адвокаты айыпталушы Айбар Жанболаттың іс-әрекеттерін қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлімі бойынша қайта саралауды талап еткен.

Ал айыпталушының адвокаты сотталушының жазасын жеңілдетуді сұраған. 

"Менің қорғаудағы азаматымның әрекеттерін жеңілірек бапқа, қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөліміне қайта саралап, жаза тағайындауды сұраймын. Айыпталушының адам өлтіру ниеті болмағандықтан, өлім абайсызда орын алған", – деді адвокат Жанат Сарқытов.

"Хат келіп, телефонмен сөйлесіп жүрді": Айзат Жұманованы өлтірді делінген күйеуі сотта жанжалдың неден басталғанын айтты

"Есінен танса да ұра берген": Сотта Айзат Жұманованың ауруханаға жеткізілген сәтіндегі жантүршігерлік видео көрсетілді (видео)


Сот төрағасы Айдын Жұрханов отырыс барысында апелляция сатысында істі қосымша тергеуге қайтару қарастырылмағанын атап өтті.

"Апелляциялық сот істі көрсетілген бап шеңберінде қарайды. Істің материалдары “Адам өлтіру” бабына толық сәйкес келеді", – деді сот төрағасы.

Сондай-ақ сот төрағасы аталмыш бап бойынша 7-ден 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтті. Айыпталушы бұған дейін сотталмағанын ескеріп, оған 14 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Сонымен қатар, апелляциялық сот зардап шеккен тарапқа моральдық шығын өндіру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. 

2026 жылдың қаңтарында Талдықорған соты күдікті Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Ақпан, 2026 21:13