Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айзат Жұманованы өлтірді деп айыпталған күйеуі 14 жылға сотталды

Фото: Видеодан скрин

Талдықорғанда күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзат Жұманованың ісі бойынша үкім шығарылды. Сот оның күйеуі Айбар Жанболатты кінәлі деп танып, 14 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Айзат Жұманованың күйеуі Айбар Жанболат 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы соттан 15 жыл жаза тағайындауды сұраған еді.


"Шайтанның азғыруына ердім": Қаза тапқан Айзат Жұманованың күйеуі сотта соңғы сөзін айтты


"Хат келіп, телефонмен сөйлесіп жүрді": Айзат Жұманованы өлтірді делінген күйеуі сотта жанжалдың неден басталғанын айтты


"Есінен танса да ұра берген": Сотта Айзат Жұманованың ауруханаға жеткізілген сәтіндегі жантүршігерлік видео көрсетілді (видео)


Сот жәбірленуші тараптың азаматтық талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Үкімге сәйкес, сотталған азаматтан:

20 миллион теңге – моральдық зиянды;

1,7 миллион теңге – адвокат қызметіне кеткен шығындарды өтеу туралы шешім шығарылды.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылдың маусым айында Жетісу облысы Ақсу ауданы Баласаз ауылында 32 жастағы Айзат Жұманова қаза тапты. Әйелді өлтірді деген күдікпен күйеуі Айбар Жанболат қамауға алынды. Марқұмның туыстырының айтуынша, ер адам әйелді 2 жасар қызының көзінше айуандықпен ұрып-соғып, кейін далаға шығарып, аттың жалына байлап сүйреген көрінеді. Ал күдікті ер адам әйелі селфи жасап жатқан кезде екінші қабаттың терезесінен құлап кетті деп ақталған. 27 қарашада сотта прокурор Айзат Жұманованың өлімінің хронологиясын жариялаған еді.

Жұмаділлә Нұрила
Жұма, 09 Қаңтар, 2026 10:28