Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айықпас дертке шалдыққан қыз Адамбайға «Сәбинка келіннің» қуыршақ түрін жасап берді

Алматыда айықпас дертке шалдыққан жеткіншек қыз қуыршақ тоқуды шебер меңгеріп алған. Бүгін ол белгілі кинорежиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбайға оның танымал образы «Сәбинка келіннің» қуыршағын жасап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

14716598_449366971854022_7198872299179606016_n

«Бүгінгі таң ерекше атты. Оны ерекшелей түскен мына кішкентай да нәзік, жүрегі жұмсақ, өзі періштедей Анар Лепесова есімді қыз. Ол балаларға қуаныш, ал үлкендерге балалық шақтың естеліктерін сыйлайды. Қалай дейсіз ғой? Анар шебер түрде қуыршақ тоқиды. Жеткіншек сирек кездесетін айықпас дертке шалдыққан. Оның үнемі сүйектері мен буындары ауырады (жүйелі склеродермия). Соған қарамастан, Анар мойымайды. Әрі оған уақыты жоқ. Себебі оған түсетін тапсырыс көп. Тапқан қаражатын ол дәрі-дәрмекке, емдеу шараларына және азық-түлікке жұмсайды. Біз де Анарға «Сәбинка келіннің» қуыршағына тапсырыс берген едік. Бүгін соны алып кетуге келіп отырмыз. Оның қаншалықты әдемі шыққанын айтудың өзі артық шығар!» – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Нұртас Адамбай тек кино түсіріп, рөл сомдап қана қоймай, үнемі қайырымды істермен айналысып жүреді. Жуырда ғана ол өз балаларына көмектесе алмайтын мемлекетті сынап, ауыр науқасқа шалдыққан балаға көмектесіп, халықты да қайырымды болуға шақырған еді. Одан бөлек, кинорежиссер үнемі қоғамдық мәселелерге қатысты өз ойын ашық айтудан жасқанбайды. Біз сөзінде ол саясатқа бет тұруы мүмкін екенін де меңзеген еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұртас Адамбай Баян Мақсатқызын қолдады: Жігіттер, Баян сіздерге соншама не істеп қойды?

Қыдырәлі Болманов үлкен ұлына автокөлік сыйлағанын айтып мақтанды

Бір-біріне үздіге қарап тұрған Болманов пен Асардың суреті қызу талқыға түсті

Қазақстандық қысқаметражды фильм Азияның «Оскарын» алды

Талқылау