Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ayumi “91” тобының қыздарша нұсқасына айналды деп сыналды

Ayumi тобы өздерінің “Сен емес пе” атты әнге түсіріліп жатқан бейнебаяндарына дайындық жұмыстарын жүргізуде. Әншілер аталған туындыда өздерін жаңа қырынан көрсетпек. Мұнымен қатар, бойжеткендер сырт келбеттерін түбегейлі өзгерткен. Алайда бұл өзгерістері олардың тыңдармандарына ұнамай қалған сыңайлы. Олар бойжеткендердің “91” тобына еліктеп жүргенін айтқан.

13055427_949004678546739_8721034581791915195_n

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Айдана шашын сары түске бояса, Ақназ қызғылт сары түсті құп көрген. Ал Әсел шашын күлгін түске бояған.

Мұндай өзгерісті тыңдармандары күтпеген-ді. Бірі бестік бағасын берсе, енді бірі олардың Ninety one тобына еліктеп жүргендерін тілге тиек етті.

Аталған топтың продюсерлері Алуа Қонарова өздерінің қыздарын қорғаштап сөйледі.

“Құрметті Eaglez, сіздерге айтарым бар! Сөзіме сеніңіздер, Ayumi шаш түсін түбегейлі өзгерткен алғашқы қыздар тобы емес. 2000 жылдары “Рахат Лукум” тобы шаштарын қызыл, көк, алқызыл сынды түстерге бояған болатын. Жігіттерден құралған топтар да өзгеше киініп, сырға таққан.

Олардың қатарында Ринго да бар. Қазақ эстрадасы К-поптан бастау алған жоқ. Бізге барлығы Батыстан келді. Ешкім 91 тобына еліктеп жатқан жоқ. Сондықтан қыздарға және басқа артистерге қатысты жағымсыз пікірлер жазбауларыңызды сұраймын.

1

91 тобы сіздердің дәл осындай қылық көрсетіп, боғауыз сөздер айтып жүргендеріңізді білсе, көңілдері қалып қалатын еді.  Барлық артисті жақсы көріп, бір сахнада өнер көрсетіп жүрген әріптестерді сыйлаңыздар”, – дейді ол.

Желі қолданушылары продюсердің бұл сөзін қоштап, бұдан кейін жағымсыз пікір жазбайтындарын жеткізді. Арасында ақыл айтпауға кеңес бергендер де табылды.


Жіберіп алмаңыз:

“Меломен” vs продюсері: Алуа Қонарова кімге жақтасты?

Продюсер Алуа Қонарова орыс тілді сауатсыз журналистерге ескерту жасады

Алуа Қонарова «Renzo» тобының жаңалықтарымен бөлісті

“Renzo” тобы алғашқы бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Талқылау