Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтжанов пен Нүрпейісов Аша Матайға таласып жатыр

Бүгін Аша Матайға Берік Айтжанов пен актер Әнуар Нүрпейісов таласатын болды. Бірақ шынайы өмірде емес, кино әлемінде. Ал шынайы өмірдегі Аша мен Арман Қоңырбаевтың көтерген шаңырақтары айрандай ұйып, жақын күндердің бірінде болашақ аналар туралы журналға сұхбат беріп те үлгерді.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

26 ақпан күні Қарағанды қаласының кинотеатрларының бірінде “16 қыз” фильмінің алғашқы көрсетілімі өтеді. Актриса дәл қазір жұбайымен бірге сол өлкеде жүр. Аша Матай инстаграмдағы парақшасында жарты сағат демалып алған соң, жиналып, алғашқы көрсетілімге баратыны туралы жазды.

паеп

“16 қыз” желісіне келер болсақ, Нұржан мен Сәлиманың арманы – немерелі болу. Бірақ Бауыржан сүйген қызына үйленгісі келеді. Оның үстіне, ата-анасы «бел құда» салтымен айттырып қойған қалыңдығы Айжанның ұнатқан жігіті бар. Егер Күләш тәтейге тон қажет болмағанда бұл әрекеттен түкшықпас еді. Ару қыздар байқауы, үндістермен айқас, жол бойындағы шытырман – осынау әдемі тон үшін кейіпкерлер түрлі қиындықты бастарынан кешіреді. Ал ары қарай не болатынын өздеріңіз көре жатарсыздар.

120 минутқа созылатын романтикалық комедияның басты рөлдерін Аша Матайдан өзге, Берік Айтжанов, Әнуар Нүрпейісов сомдайды. Арасында танымал актриса Жәния Джуринская да бар. Қоюшы режиссері әрі авторы – Қанағат Мұстафин.

рнпеа

аеапа

Бұдан өзге gakku.kz арнасы аталған фильмнің алғашқы көрсетілім билеттері бірден сатылып кеткенін хабарлады. Мұның өзі табысы мол фильм болатынын білдірсе керек.

Наурыз айының 3-інен бастап еліміздің кез келген кинотеатрларынан тамашалай аласыздар!

#16кыз #скоро#жуырда#03.03.2016

Видео опубликовано Берик Айтжанов (@berik_aitzhanov)

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қайрат Нұртастың “16 қыз” фильмінің саундтрегін жазуға атсалысқаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау