"Айтқаным келді": Меруерт Түсіпбаева ақша жымқырды деп айыпталған Перизат Қайратқа қатысты пікір білдірді
Фото: Stan.kz
Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева істі болған волонтер Перизат Қайратқа қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Астанада қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырған деп айыпталған Перизат Қайрат ісі бойынша басты сот отырысы өтіп жатыр.
“Ал, сіз қалай ойлайсыз?! Елден ақша жинап, оны өз еркімен жұмсаған Перизат Қайратқа 10 жыл мерзім аз ба, көп пе?! Жеткілікті ме?! Халықтан жинаған ақшаға шалқып өмір сүрген. “БАД-ы миллион теңге деп жазған анасына 8 жыл сұрапты. Шешім әділ ме?! Мен осыдан 3-4 жыл бұрын желіге “Халықтан жиналған ақшаның есебін беруі керек” деп жазғанмын. Міне, айтқаным келді”, – деп жазды әнші.
Еске салайық, Перизат Қайрат пен оның анасынан 5 пәтер, 4 көлік, ақша мен бұйымдар тәркіленбек.
Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, қылмыстық жолмен табылған қаражатқа алынған мүлікті тәркілеп, жәбірленушілерге беру керек. Ол Перизат Қайрат пен оның анасына тиесілі мүліктің тізімін жариялады:
- Mercedes Benz S450;
- Lexus LX 600;
- Haval H6 GT;
- Mercedes Benz Iq 500;
- Астана қаласы Е-899 көшесі, "Vela Village" саяжай қалашығындағы 18 үй мекенжайындағы жеке тұрғын үй, сондай-ақ жер учаскесі;
- Астана қаласы Амман көшесі, 21, 54 пәтер (Akbulak Riviera тұрғын үй кешені);
- Астана қ., Тәуелсіздік көшесі, 56/2 үй, 105 пәтер. (Sensata Group тұрғын үй кешені);
- Астана қ, Қазыбек би көшесі, 7а корпусы, 59 пәтер. ("Көк Жайлай" тұрғын үй кешені);
- Астана қ., Нәжімеденов көшесі, 2-ғимарат, 1805 пәтер. (Highvill Gold Ishim тұрғын үй кешені) және т.б құнды дүниелердің аты аталды.

"Кесар тілігін жасағанда баланың басын қоса тіліп жіберген": Ұлына ем іздеген алматылық әйел перзентханадағы дәрігерлерді кінәлайды
