Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айтыскер ақын ұшаққа домбырамен кіруге тыйым салғанына шағымданды: Әуе компаниясының өкілдері шағымға жауап берді (видео)

Жас айтыскер Айшолпан Тілеутай Fly Arystan компаниясының бортсерігі ұшаққа домбырамен кіруге тыйым салғанын айтып, видео жариялады. Көп ұзамай компания өкілдері сынға жауап берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

айтыскер

Әлеуметтік желіде видео қызу талқыға түсткен. Айтыскердің сөзінше, ұшаққа домбырасын алып кірмек болған. Алайда бортсерік айтыскерді жұлқып, домбырасын тартып алмақ болыпты. 

Желіде сынға жауап берген әуе компаниясының өкілдері музыкалық аспаптар үшін жеке орын сатып алу керегін мәлімдеді. 

"Видеоматериалды тексеру кезінде және компания қызметкерлерінің есебіне сәйкес жолаушының өтінішті ескермегені анықталды. Әрі қызметкерді итеріп, балағаттаған, кейін бортқа мініп кеткен", – делінген хабарламада.

Рейсті кешіктірмеу үшін жолаушыны ұшақтан түсірмеу туралы шешім қабылданған. Себебі ережеге сәйкес барлық жолаушыны шығарып, қайта тексеру жүргізу керек екен. 

Әуе компаниясының өкілдері дәстүр мен ұлттық аспаптарды құрметтейтінін, бірақ заң барлығына ортақ екенін де атап өтті. 

Талқылау