"Әйтеуір, қазір келін": Баян Мақсатқызы мен Жарқынай Ханайымның әзілі жұртты күлдірді
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы актриса әрі келіні Жарқынай Ханайыммен әзілдесіп, жұртты күлдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі жиенінің тұсаукесер тойында келінін көріп қалды.
“Біздің келініміз. Бірақ бірде келін, бірде келін емес. Әйтеуір, қазір келін. Бізге Армениядан мынандай сыйлық алып келді. Анар жемісі Арменияның ерекше символы болып есептеледі. Адамның байлығын арттырады деген түсінік бар. Рақмет, Жарқынай, бізді ойлап жүретінің қуантады. Жағдайың жақсы ма? Сен қазір біздің келінсің ғой?" – деді Баян Мақсатқызы.
Айта кетейік, Жарқынай Ханайым жолдасы, актер Айдар Асқарбектен ажырасып, қайта қосылған еді.
“Баян Мақсатқызының экс келіні дегеннен гөрі, экс жобасы деген дұрыс болар. Ол – менің өнердегі анам. Сол кісінің арқасында сахнаға шығып, киноға түстім. Ал жеке отбасы мәселесіне келетін болсақ, қазір бәрі жақсы. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамын”, – деген еді актриса.
@keremet_life Шутка-минутка😁#келін#рекомендации#fyp #баян#funny ♬ оригинальный звук - Тіркеліп қойыңыздар❤️🫂

"Күн сайын 20 000 теңге беруге уәде еткен": Қазақстандық азамат ИП-сын жалға беріп, енді түрмеге түсуден қорқып жүр
