Айсұлтан Дариға Назарбаевадан емес, басқа әйелден туған – Журналист

Желіде Қазақстан Республикасының экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаев Дариға Назарбаеваның туған баласы емес деген ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты журналист Гүлжан Ерғалиева Elmedia жобасының кезекті шығарылымында айтты.
“Айсұлтан Дариға Назарбаевадан емес, басқа әйелден туған. Ол әйелдің аты аталмайды, қайтыс болды дейді. Осы жаңалыққа байланысты Нұрсұлтан Назарбаевтың неге Рахатқа да, билікті соңына дейін уыстап ұстаған үлкен қызына да ықпал ете алмағаны белгілі болды. Бұл құпияны да Айсұлтан өзінің “Мен оның ұлы болғандықтан, шешем атамды қолында ұстап келді” деген сөзімен ашып берген. Сондықтан Дариға мен Рахаттың президентке ықпалы өте зор болған және олар президенттік лауазымды өздері үшін заңды деп санаған”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Айсұлтан Назарбаев түнде Лондонда қайтыс болғаны хабарланған еді.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"